Басты тақырыпМәдениет
«KOKZHAR LOVE» АТТЫ ЭКСКУРСИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Жуырда ауданымызда 12 тамыз халықаралық жастар күніне орай «KOKZHAR LOVE» атты Ойыл ауданының тарихи жерлеріне экскурсия шарасы өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, Ақтөбе облыстық іщшкі саясат басқармасы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Елеусіз Оңдабергенұлы, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен аудан жастары қатысты. Алдымен ауданның тарихи орындарын аралаған жастар, ауданның өткен ғасырдағы тарихынан жан-жақты ақпарат алды. Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейін аралап, ауданның тарихымен танысқан жастар экскурсияны XIX ғасырда салынып, бүгінгі күнге дейін сақталған керуен сарайды тамашалады. Сонымен қатар аудандық мешітке арнайы барып, құран бағыштады. Киелі Көкжардың тарихына қызығушылық танытқан белсенді жастар Медет Құлмұқанова бірнеше сауалдарын қойып, аудан тарихына әбден қанықты. Айтулы шара әрі қарай табиғат аясында жалғасты. «KOKZHAR LOVE» атты аудан әкімімен бейресми кездесу өткізді. Онда жастар ойларын ортаға салып, көршілес аудандардан келген меймандар жылы лебіздерін білдіріп, ашық сұхбат құрды. Өнерпаз жастар өнерлерін көрсетіп, шара соңы марапатқа ұласты.
Өз тілшіміз.