Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялай бастады

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады. Тақырыптық жинақтар талдаушылар үшін құнды дереккөз болып, барлық қажетті деректерді егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.
🔸Сайтта келесі бағыттар бойынша барлығы 9 жинақ жарияланады:
— «Қазақстан Республикасының халқы» (1-2 том)
— «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық құрам, Діни наным және тілдерді меңгеру»
— «Қазақстан Республикасындағы білім беру»
— «Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру құралдарының кірістері мен көздері»
— «Халықтың көші-қоны»
— «Қазақстан Республикасында халықтың жұмыспен қамтылуы» (1-2 том)
— «Неке және отбасы»
— «Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтары»
— «Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрғын үй сипаттамалары»
Бүгін сайт пайдаланушылары үшін «Қазақстан халқы» жинағының бірінші және екінші томы бойынша талдаушылар атап өткен негізгі қорытындыларды ұсынамыз