ӘкімдікБасты тақырып
Кезекті сессияның жүгі – әкімнің есебі, жайылымның жайы…
Аудандық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы өткен аптада араға үзіліс салып аудан үшін бірнеше салмақты мәселені сараптап, талқылады. Әр мәселе бойынша сала басшыларының есебі тыңдалып, шешімдер қабылданды.
Алдымен аудандық мәслихат депутаттары алдында аудан әкімі Асқар Қазыбаев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берсе, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараков аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 тамыздағы №70 «Ойыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің орындалуы туралы жайын жеткізді. Алайда, аудандық мәслихаттың хатшысы Сәкен Займолдин жайылымдарды басқару жұмыстарының баяулығын сынға алды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №95 «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруларқенгізу туралы жобаны ұсынса, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы хабарлама жасады. Соңғы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары комиссияға нақты ұсыныстар жолдады.
Одан кейін депутаттар аудан әкімі жанындағы бірнеше комиссияның құрамына енгізілетін өзгерістерді бекітті.