ӘкімдікБасты тақырыпЭкономика
АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен сәрсенбі аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуі Екпетал елді мекенінде басталды. Әр тоқсан сайын халықпен кездесу өткізудің басты мақсаты тұрғындардың ұсыныс-пікілерін, көтерілген мәселелер бойынша жұмыстану. Ең алдымен аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Содан соң ауылға қатысты мәселелерге тоқталды.
Ауыл тұрғындары көтерген мәселерге тоқталсақ, Ойыл-Қаратал жолына дейінгі екі шақырым жолға жөндеу, газ құбырын тартудың жай-жапсарын сұрады. Сонымен қатар жарылған бетон — бағаналардың қаупін де жеткізді. Екпетал ауылында да қазіргі таңда өзекті болған қаңғыбас иттердің адамға жүгіріп, малға шабуы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр.
Кездесу жиыны түстен кейін аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда да атқарылған жұмыстарға тоқталған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына назар аударып, малдың күтімін тұрақты ұйымдастыру керектігін жеткізді.
Аудан басшысы ауыларалық жолдар мен елді-мекендерге ауыз су, газ құбырын тарту сияқты ауқымды жұмыстар биыл да үлкен көлемде атқарылғалы отырғандығын мәлім етті.
Айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және көп қаражатты қажет ететін жұмыстар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айтты.
Р.S. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап берілген соң, аудан әкімі мен мекеме басшылары азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Г.АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл- Екпетал-Ойыл.