Өткен жұма күні аудандық мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту орталғының ұйымдастыруымен еңбек жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 145 жұмыс орны ұсынылды. Еңбек жәрмеңкесін ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталса, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаев маусымдық жұмыс іздегендерге еңбек тәртібі мен талаптарды түсіндірді.
Олардың ішінде 122-і жылыту маусымының басталуына орай мекемелер мен әлеуметтік нысандардың операторлығына сұраныс болса, 12 мектепке киім ілуші қажет екен. 14 орын әртүрлі мамандықтарға ұсынылды. Бұлардың басым көпшілігі шаруашылықтардың өтініші. Сонымен қатар, екі шаруа қожалығынан отбасылы малшыға сұраныс түсіпті. Алайда, соңғы сұраныстарға ұмтылғандар болған жоқ. Яғни, жұмыс іздегендер екі қолға бір күрек таппай отырса да, мал бағуға барғысы келмейді.
С.ЫҚЫЛАС,
Ойыл селосы.