ӘлеуметБасты тақырып
ШИҚҰДЫҚТА ШАҒЫН-ФУТБОЛ АЛАҢЫ БОЙ КӨТЕРДІ
25 қазан Республика күніне орай өткен сенбі Саралжын ауылдық округіне қарасты Шиқұдық ауылында жасанды жамылғылы шағын- футбол алаңы ашылды. Шағын-футбол алаңына жергілікті бюджеттен 7 млн теңге бөлінді.
Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатысып, барша ауыл тұрғындарын құттықтап, ел игілігі үшін ауданда жасалып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Келесі кезекте сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтесін Қошқаров, Қабидолла Мұхамбетқазиев ағаларымыз тұрғындар атынан ыстық ықыластарын жеткізді. Шиқұдық ауылының 1979 жылы туған азаматтары мектеп оқушыларына спорттық формасын тарту етті.
Салтанатты шара соңы шағын-футболдан жасөспірімдер арасында жолдастық турнирмен жалғасты.