ӘкімдікБасты тақырып
Депутаттық корпус: жаңа құрам, жаңа міндеттер
Бүгін биылғы жылдың 10 қаңтар күні өткен сайлауда жаңа жүйемен сайланған көп партиялы депутаттық корпус өздерінің алғашқы сессиясын өткізді. Ұйымдастыру шаралары ұсынылған алғашқы сессияда алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов хабарлама жасап, депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттарын аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа құрамдағы ең жас депутат Нұрсұлтан Дәулетқалиевтың ұсынысымен алғашқы сессияның төрағасы болып Жұмабай Жақып сайланса, аудандық мәслихаттың хатшысы болып осыған дейін «Nur Otan» партисы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған Сәкен Займолдин сайланды. Одан кейін депутаттар аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның құрамын сайлады. Алғашқы сессияның жұмысы келесі сессияның күн тәртібі мен төрағасын сайлаумен аяқталды.