ӘлеуметБасты тақырып
САБИНА-«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ»ИЕГЕРІ
Жуырда Ойыл ауданының білім бөлімінде азаматтық ұстанымы жоғары және патриоттық белсенділігін танытқан Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сабина Ертай «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен марапатталды. «Елбасы медалі» жобасы — өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың белсенді, шығармашыл және талантты жастарды қолдауы. Аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім грантСАБИНА-«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ»ИЕГЕРІ тарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» бағдарламасы иегеріне басымдық беріледі. Бүгінде жастардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. «Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және
тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі,
олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді араласады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды. Жарайсың, Сабина!