ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру
«Жылқы – малдың патшасы»
16 қараша күні — Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің «Ата жұрТтың шеЖіресі киелі де, қастерлі» атты тарих залында адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болған төрт түліктің бірі – жылқы.
Алдымен қазақ даласында қолға үйретілген «Ботай» мәдениеті, «Берел» қорымдарын насихаттай отырып, Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан.
Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғаны туралы Ойыл қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында тақырыпқа сай бейнебаяндар, слайдпен тақырыптық көрмеде Ойыл өңіріндегі атақты жылқышылармен атбегілерді таныстыра отырып, ауданымыздың ат спортын дамытып жүрген жанашыр азаматтары Арыстанов Марат, көкпаршы Жарас, Айбат және спортты жаны сүйетін Бақберген Мұқанбетқали қатынасып балалық шақтағы жылқы үйрету сәттеріндегі қызықты деректерді, емдік қасиеттерін айта отырып, қазіргі таңдағы жылқының сапасын салыстыра отырып, тарихта қалған қазақтың қарабайыр жылқысын нақты жеткізді. Оқушылар жылқы туралы сұрақ-жауапқа белсенді қатынасты.
Дулат Исабаев,
Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.