Ақтөбе облысында 634 дана жол белгісі талапқа сәйкес келмеді.

Былтыр «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының мамандарымен өңір аумағынан өтетін жолдарда 2412 дана жол белгісі арнайы рефлектометр құрылғысымен тексеріліп, соның 634-і талапқа сай емес екенін анықтаған.
Яғни, трасса бойында жүргізушілерге бағыт-бағдар көрсетіп, қауіпті қиылыс-бұрылыстар мен жолы нашар учаскелерді білдіретін белгілерден олқылықтар анықталды. Сондай-ақ, ұзындығы 250 шақырымға салынған жол таңбасы тексерілді. Тексеру нәтижесімен құзырлы мекемеге сын-ескертпе ретінде ұсыныс беріліп, бүгінгі күні кемшіліктер түзетіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл сайын жол-көлік оқиғалары аймақта жиілеп барады. Сондықтан, жол апатының алдын алуда қауіпті учаскелердегі жол белгілері мен таңбаларының рөлі зор дейді мамандар.