ӘлеуметБасты тақырып

КӨПТОҒАЙДАҒЫ «ДОСЫМ» МАРКЕТІ ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛЫСТЫҢ ҮЛГІСІ

Жуырда Көптоғай ауылдық округінің орталығында «Досым» азық-түлік дүкені салтанатты ашылды. Жаңа дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы қатысып, қуанышты сәтке жиналған ел алдында көпшілікті жаңа дүкеннің ашылуымен құттықтады.

Ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары осындай сауда орындары көптеп салынса деген тілектерін жеткізсе, апаларымыз салт-дәстүрге сай шашу шашты. Ауыл ағалары дүкеннің лента қию рәсімін өткізген соң, жиналған жұрт дүкен ішінде керекті заттарын сатып алып жатты.


Бағаның төмен екендігін өз көзімен көрген ақсақалдар ойларын ортаға салып, ыстық лебіздерімен бөлісті. Ауыл қарияларының ойынша, дәл осындай дүкендер зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болатындығын жеткізіп, тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер Әлібек Өмірғалиевқа алғыстарын білдірді.
Дүкеннің сыртқы сәулеті көз тартады.


Дүкен іші заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңа заман талабына сай ашылған дүкенде азық-түлікпен қоса тұрмысқа қажетті заттардың барлығы дерлік сөрелерде толып тұр. Сонымен қатар жаңа ашылған маркет ішінде шаштараз бөлмесі бар.


«Досым» атты азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер «Досым» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Өмірғалиев. «Досым» шаруа қожалығы 2000 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мал басын көбейтуде. Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына айрықша үлес қосуда.

Басқа жаңалықтар