ӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

ШӘМШІ ӘНДЕРІ ҚАЛЫҚТАҒАН КЕШ

Ұлы сазгер, ұрпағына мәңгілік мұра, өлмейтін ән қалдырған Шәмші есімі ел есінде сақталады. Ұлтымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Қазақ вальсінің королі» атты аудан өнерпаздарының концерті өтті. Концерт шымылдығы Шәмші ағамыздың өмір жолына арналған бейнебаянмен түріліп, өмірінен үзінді көріністермен жалғасты.
«Бақыт құшағында», «Арқалықтың ақ таңы», «Ақ ерке, ақ жайық», «Кешікпей келем деп ең», «Ана туралы жыр», «Дүнген қыз» т.б әндері шырқалды. Ана сүтімен дарыған айрықша өнер иесінің әндерін жатқа білмейтін жан жоқ. Концертке келген көрермендердің Шәмші әндерін сағынғаны анық байқалады. Аудан тұрғындары ән падишасының әуезді әндерін қосыла шырқап, бір жасап қалды. Концерт барысында ұйымдастырылған Шәмші әндерінен жасырылған әуендерді тапқан көрермендерге сыйлықтар берілді.

Басқа жаңалықтар