Әлеумет
«Еріктілер» тобы өз жұмысын бастады
Жуырда «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты», Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, жастар ресурстық орталығының қолдауымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша дөнгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин, Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Азамат Тарыбай, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі және ерікті жастар қатысты. Кездесу барысында Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Азамат Маратұлы өрт, су тасқыны сияқты басқа да төтенше жағдайлардың алдын-алу туралы түсінік берді.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан ерікті жастардың арасында «Еріктілер» тобы құрылып, Еріктілер тобының төрағасы болып Азамат Мусаев сайланды. Кездесуден кейін Еріктілер тобы мен Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп алғашы жұмысы ретінде тұрғын үйлерде өрттердің алдын-алу бойынша, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша аудан орталығындағы тұрғын үйлерді аралап жадынамалар таратты.
Мейрамбек МУЗАМЕЛҰЛЫ,
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі.