Басты тақырыпМәдениет
АҚ ТІЛЕКТЕР АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан аналарға құрметтің артығы жоқ. Алайда, көктемдегі аналарға арналған меншікті мерекенің жөні бөлек.
Мереке қарсаңында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар легі Батыр аналар мен Алтын алқа иегерлері және тыл ардагерлеріне арналды.
Дастарқан басында бір-біріне ізгі лебіздерін жолдаған аналарды аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосовтар құттықтады. Ақ жаулықты аналардың тілегі әнмен әрленіп, өлеңмен өрілді.