Басты тақырып
ТІЛЕГЕН АТА — БАТАГӨЙ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ЖЫЛ САЙЫН «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» АТТЫ БАТАГӨЙ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ. ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ӨҢІРДЕГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БАЙҚАУ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.

Аталған байқаудың мақсаты — салт-дәстүрімізді насихаттау,ежелден келе жатқан батаның мағынасы мен мазмұнын жас ұрпаққа дәріптеу, бойына сіңіру, батаның қадір қасиетін түсіндіру. Облыстық байқауға қалалық және аудандық байқаулардан үздік деп танылған 65-82 жас аралығында 14 қария қатысты. Батагөй ақсақалдардың байқауында жерлесіміз Тілеген Алданаев 1 орынды жеңіп алды. Даналық дәстүріміздің дара үлгісін көрсеткен ақсақалды кеше аудан әкімі Асқар Қазыбаев қабылдап, құрмет көрсетті.