ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Ойылдың кіреберіс жолы жөнделіп жатыр
Ойыл селосынан шыға берістегі көпірден айрыққа дейінгі аралықтағы шамамен 150 метр жолды тасқын су шайып кетіп, ауданның тең жартысы облыс орталығына қатынау мүмкіндігінен айрылған еді.
Екі күн бұрын арнаулы техникалар келіп, жолды жасауға кіріскен-ді. Ақтөбе облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың мәліметінше қазіргі таңда жол құрылысының жұмысына бес арнаулы техника мен елуге жуық жүк көлігі жұмылдырылған.