ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТҰРҒЫНДАР ЖИЫНЫ: БӘРІ ТӘРТІПТЕН БАСТАЛАДЫ!

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Ойыл селосы тұрғындарының жиыны өтті. Басқаша айтқанда ауыл тұрғындарының қатысуымен ауылымыздағы өзекті мәселелер талқыланды. Малдың өріске кетуі, келу мезгілі, аталық малдың уақытында қосылуы, малшымен арада келісім-шарттың жасалуы, ауыл төңірегіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану сияқты мәселелер де қозғалды. Алдымен аудан әкімі Асқар Қазыбаев бүгінгі кездесудің мақсатын түсіндірсе, Ойыл селолық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиев өзекті мәселеге орай өзінің ойларын ортаға салды.

Биыл Ойыл селосында төрт бағыт бойынша сиыр күтуі шығады. Ол үшін малшылары дайын. Бірақ, тұрғындарды да толғандыратын мәселе аз емес. Бірі малдың өрісі тарлығын алға тартса, енді бірі тазалық мәселесіне тоқталды. Айналып келгенде, бұл әрбір еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін тазалық сақтауды басты назарда ұстауына байланысты.

Көктем шығысымен қағаздар мен пакеттер көшеде желмен тербеліп жүргені. Егер, әркім осынша қоқысты көшеге тастамаса, мұндай келеңсіздік болмас еді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, сұрақтарға мамандар жауап беріп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, осы жиынға қатысқан аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Көкебаев қолданыстағы заңға енгізілген    өзгерістер мен толықтыруға тоқталып, бағусыз малдың иесіне қолданылатын шаралар туралы түсіндірді.
Г.АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар