ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ОРАЗАДАҒЫ ОН ИГІ ІС

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен басталған «Оразадағы он игі іс» акциясы өз жалғасын табуда.
Қайырымдылық акциясының төртінші шарасы «Тегін әлеуметтік көмек» деп аталды. Аудандағы 5 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Бесінші қайырымдылық акциясы «Жас кәсіпкерден жақсы іс». Игі шара аясында жастар 54 бала түзетім білімін алатын «Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзетім» кабинетіне барып, балалардың қабілетін дамытуға ықпал ететін ойыншықтарды сыйға тартты. Келесі кезекте «Мешіттегі тазалық» шарасы аясында мешітке тазалық жұмыстары жүргізілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, игі шарада мешіт ауласы қоқыстан тазаланды. Қыздарымыз мешіт ішіне тазалық жүргізді.
Жетінші қайырымдылық шара барысында ерекше білімді қажет ететін балаларға, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар таратылып, ата-ана мен балалардың қуанышына куә болды.

Басқа жаңалықтар