ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен апта аудан әкімі Асқар Қазыбаев тиісті сала басшыларымен бірге кездесуі Сарбие, Қараой, Көптоғай ауылдық округтерінде жалғасты. Алдымен Сарбие ауылдық округінде жаңадан тағайындалған ауыл әкімі Әсет КереевТІ таныстырып өтті.

Әрі қарай кездесуде аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстармен қатар «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіріп, тұрғындарды жобаға қатысуға шақырды.
Содан соң ауылға қатысты мәселелерге тоқталды. Ауыл тұрғыны Айса Сұлтанов көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында Қаракөл ауылы іргесіндегі дамбаны көтеру ұсынысын білдірсе, Сарбие ауылының тұрғыны, зейнеткер Жалғасбай Сержанов Сарбие ауылына МТЗ тракторымен қамтамасыз етіп, дәрігерлік амбулаториясына жаңа жедел жәрдем автокөлігін алу керегін жеткізді. Шешу жолдары бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына, ауылдық округ әкіміне тапсырмалар берді. Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны өткен жұма Ақшатау, Қаракемер елді мекенінде жалғасты. Ең алдымен аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ақшатау ауыл тұрғындары ауылға балалар ойын алаңын салу қажеттігін айтса, Қаракемер ауылының тұрғындары көктемгі су тасқыны салдарынан істен шыққан су беру құрылғысы бағаналарын қалыпқа келтіру керек екендігін жеткізді.
Кездесу түстен кейін аудан орталығында мәреге жетті. Негізінен мемлекеттің қазынадан бөлінген қаражаттың күшімен атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды. Аудан басшысы тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырып, кездесуден соң тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.

Басқа жаңалықтар