ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ЖЕҢІС КҮНГІ ҰРПАҚТАРДЫҢ ТАҒЗЫМЫ

9 мамыр күні жылдағы дәстүрмен аудан тұрғындары Ойыл селосындағы Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Әрине, бүгінде ауданда соғыстың тірі куәгері жоқ. Бірақ, сол сұрапыл жылдары тылда бел шешпей еңбек еткен балалар, бүгінгі еңбек ардагерлері бар. Жұртшылыққа ізгі лебізін жолдаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев олардың өмір жолын ұрпаққа үлгі етті. Олардың үлесі де ерлікке пара-пар. Бүгінгі өскелең ұрпаққа өшпес өнеге болып қала бермек. Аудан әкімі Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.
– Бүгін – 1945 жылы аяқталған Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесі. Ең алдымен бұл мереке – ардагерлеріміздің мерекесі. Сұрапыл соғыстың ішінен аман-есен шығып, жауды жеңіп, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады.


Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес.
Салтанатты шара барысында соғыс ардагерлерінің ұрпақтары да өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен ерлердің ерлігі жайында тебірене еске алды. Одан кейін аудандық мәдениет үйінің алдында мерекелік концерт болса, тыл ардагерлеріне арнап, ас берілді.

Басқа жаңалықтар