ӘкімдікӘлеумет

Ойылдық өрендер «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жүлдегері

Жуырда Ойыл аудандық Саз мектебінде аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев және мектеп басшыларының қатысуымен Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жыл қортындысына арналған салтанатты шара өтті. Елбасы Академиясы корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары арасында өткен «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жүлдегері атанған Шәрбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 6 класс оқушысы Алихан Балтабай, Құрман орта мектебінің 6 класс оқушысы Айша Бибі Орынбасарова, Тайсойған негізгі мектебі 7 класс оқушысы Фатима Аманоллақызы Елбасы Академиялық корпоративтік қорынан Алғыс хатымен марапатталып, ноутбуктер табысталды.

P.S. Ойыл ауданында COVID-19-ға қатысты шектеу шараларына байланысты балаларға Қазақстан Республикасының Президенті атынан 100 мың теңге көлеміндегі қаржыға сыйлық дайындалды. Санитарлық нормаларды сақтай отыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім және көпбалалы аз қамтылған отбасыларынан шыққан, ерекше оқытуды қажет ететін мүгедек 8 балаға Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Меруенов сыйлықтар таратты.

Басқа жаңалықтар