ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН ТАБЫСТАДЫ

Ойыл ауданында туған жерге еңбегі сіңіп, талай жыл ел қызметінде болған арда азаматтар қашан да құрметке лайықты. Солардың қатарында ауған соғысының ардагері Болат Сағатов, Ақшатау орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мінсізбай Жайлыбаев, Ойыл ауданы әкімі аппаратының құжаттама бөлімінің басшысы Қыдырғали Жақасов бар. Маңызы бар айтулы мереке 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімі, округ әкімдері мерекеде арнайы құттықтап барып, сый-сияпатымен бірге ерекше ілтипатын жеткізді.
Облыс әкімінің ыстық лебізін қабылдаған азаматтар өз кезектерінде Ералы Лұқпанұлына деген шексіз ризышылықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар