Жаңалықтар

ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қоғамның рухани дамуы мен ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруда кітап оқудың орны ерекше. Кітап – адамды ойландыратын, ізденіске жетелейтін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын рухани қазына.

Сондықтанжас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығынояту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Осы бағытта Тайсойған негізгі мектебінде«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мектеп кітапханасында оқушылардың жасерекшеліктеріне сай көркем әдебишығармаларды насихаттау, кітап оқуға тартужәне оқыған дүниесін талдап, өз ойын еркінжеткізуіне мүмкіндік жасау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Марафон аясында «12 айда – 12 кітап» жобасы жүзеге асырылып, ай сайын қазақәдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларыоқырмандарға таныстырылуда. БауыржанМомышұлының «Ұшқан ұя» шығармасыарқылы ұлттық тәрбие мен отбасықұндылықтары дәріптелсе, Төлен Әбдіктің«Әке» повесі бойынша өткізілген әдебишарада әке мен бала арасындағы сыйластық, перзенттік парыз тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар «KITAP TALKS» медиажобасыаясында педагогтер мен оқушылар оқығанкітаптары туралы ой бөлісіп, шығармалардыңмазмұны мен тәрбиелік мәнін көпшіліккетаныстыруда. Тақырыптық подкасттар, кітапкөрмелері, әдеби кездесулер мен шығармашылық жұмыстар да оқушылардыңкітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпалетуде.

Марафонның тағы бір маңызды бағыты – оқырмандық ортаны қалыптастыру. Бұл реттемұғалімдер мен оқушылардың белсенділігі, кітап ұсыну, өзара пікір алмасу жәнеәлеуметтік желілерде жарияланымдар жасаужұмыстарының маңызы зор.

Біздің мақсатымыз – оқушыны тек кітап оқуғағана емес, оқығанын түсінуге, ой қорытуға, жақсы мен жаманды ажырата білугетәрбиелеу. Себебі кітаппен дос болғанбаланың танымы кеңейіп, рухани әлемі байитүседі.

«Кітап оқитын ұлт» – бір күндік науқан емес, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған игілікті бастама. Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырғанұрпақ қана елдің ертеңіне сенімді қадамжасайды.

Мейрамгүл БАҚТЫГЕРЕЕВА,

Тайсойған негізгі мектебініңкітапханашысы.

 

Related Articles

Back to top button