ӘлеуметБасты тақырып
«ӘР АЗАМАТ ӨЗ АУЫЛЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Ауданға іссапармен өлкетанушы, «Ойыл» ынталы тобының жетекшісі Нұрлан Жұмағалиев келді. «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өткен кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, аудан жастары қатысты. Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасушыларға еркін пікір алысуға шақырды. Өз кезегінде Нұрлан Нұрымжанұлы ауданның тарихы, мұрағаттық құжаттардағы тарихи деректер жөнінде баяндама жасап, Ойыл ауданының құрылған күнін 6 шілде деп бекіту жөнінде ұсынысын жеткізді.
Ал, аудандық өнер және өлке тарихы музейінің басшысы Балқия Рысбаева ауылдың, көшенің тазалығы туралы ойын ортаға салса,
ауыл ақсақалдары ауыл жанашырының алдағы жоспарларын құптап, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Нұрлан Нұрымжанұлы еліміздің көркейіп, өсіп-өркендеуіне «Әр азамат өз ауылының жанашыры болуы керек» деп кездесуді қорытындылады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ