Басты тақырыпМәдениетРухани жаңғыруСұхбат

БИ ПАДИШАСЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР

ОЙЫЛДА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

БИЫЛ ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ БАЛЕРИНАСЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, ЖЕРЛЕСІМІЗ НҰРСҰЛУ ЕЛУБАЙҚЫЗЫ ТАПАЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ. ОСЫ ОРАЙДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «АҚҚУ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИШІЛЕР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ. ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУҒА НҰРСҰЛУ АПАМЫЗДЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ – ЖАН-ЖАҚТАН КЕЛГЕН БИШІЛЕРМЕН ҚАТАР, МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНІҢ СОҢЫНДА ҚАЛҒАН КӨЗІ — ҚЫЗЫ ТОТЫ БӨЛТЕКОВА, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРИХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЛТЫНАЙ ЮНИСОВА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ БИШІНІҢ ЕСІМІН БЕРУГЕ ЖОҒАРЫ ЖАҚҚА ҰСЫНЫС ТҮСІРГЕНІН ЖЕТКІЗДІ. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ІССАПАРЫНДА ТОТЫ ШОҚЫРҚЫЗЫ АНАСЫНЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ, НАҒАШЫ ЖҰРТЫ — КИЕЛІ ОЙЫЛҒА ДА ТАБАН ТІРЕДІ.

Алдымен ауданның тарихи орындарын аралаған апамыз, ауданның өткен ғасырдағы тарихынан жан-жақты ақпарат алды.
Әрі қарай кездесу «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өтті.
Шараның шымылдығы үлгілі “Әсем” би ансамблінің қазақ биімен түрілді.
Тоты Шоқырқызы анасы жайлы естеліктермен бөліссе, “Асанәлі” бөбекжай бақшасы Нұрсұлу анамыз жайлы жобасын баяндады.
Балғын бишілер бимен көркемдеген кеште ҚР мәдениет саласының үздігі, режиссер-хореграф, Нұрсұлу Тапалованың мұрасын зерттеуші Серік Сариев, шәкірті Гүлжан Сағыновалар да қонақ болды.
Кездесу соңында сөз алған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы елдің тілегін жеткізіп, шыққан биігін, еңбегін айрықша жоғары бағалайтынын тілге тиек етті.
Арнаулы сыйлығын, аудан әкімшілігі атынан 300 мың теңгелік сертификатын табыстады.
Ең бастысы жарық еткен жұлдызымыз Нұрсұлу Тапалова артына өшпестей із қалдырғанына осы кеште тағы да көз жеткіздік.

Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар