ӘлеуметБасты тақырып
Еңбек жәрмеңкесі – 135 орын ұсынылды
Бүгін аудан орталығында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға жұмыс іздеп жүрген 62 адам қатысты. Аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев жәрмеңкенің мақсатына тоқтала келе, қатысушыларға ізгі ниетін жеткізсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Жолдыбаев бос жұмыс орындарымен таныстырды. Ойыл ауданы бойынша санитариялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Құбаев жиынға қатысып, тұрғындарға сақтық шараларын әлі де сақтау керек екенін айтты.
Бүгінгі шараға мекеме басшылары, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары мен қоса ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары, жұмыс беруші мекемелер атсалысты.
Яғни, 35 мекемеден 121 бос жұмыс орны киім ілуші мен операторлық болса, 9 мекемеден басқа да 14 жұмыс орындары ұсынылды. Барлығы жәрмеңкеге 135 бос жұмыс ұсынылды. Жұмыс іздеуші азаматтар жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен сұхбат құрып, сұрақтарына жауап алды.
Г.Алексеева,
Ойыл селосы.