ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚҰРБАН АЙТ- ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Өткен сәрсенбі күні Құрбан айт мерекесі басталды. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Құрбан айт мейрамы- мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, адами құндылықтарды насихаттайтын басты мерекелерінің бірі.

Мешітке жиналған жамағат айтулы мерекені уағыз тыңдаумен бастап, айт намазына тұрды.Мешіт имамы Сұлтанбек Мұқашов жиылған жамағатқа Құрбан айт мерекесінің маңызын, күллі мұсылман бауырлар үшін қадір-қасиеттерін айтты. Имандылық шарасы одан әрі аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтауына ұласты. Намаз оқылған соң құрбан шалуға рұқсат берілсе, айтқа жиналған жұртшылық арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Онда аруақтарға Құран бағышталып, бата берілді. Сондай-ақ мерекеде аудан жастары арқан тартыс, гір тасын көтеру, мылтық ату сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Гір спорты жарысында жастар арасында Бекет Мырзағұлұлына келер ешкім болмаса, ересектер арасында Ұлан Абаев оза шықты. Ал, арқан тартыс сайысында Көкжар мешіті командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Төзімділікті талап ететін күштік сайыс масс-рестлингте Әбіш Абдуллин қарсылас шыдатпады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар