Басты тақырыпДенсаулық

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ОЙЫЛ АУДАНЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

Өткен апта Ойыл ауданында «AMANAT» партиясы, «Halyk Bank» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарды оқыту басталды.

Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан қаржылық сарапшы Алма Иливгалеевна қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтау жолдарын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндіруде.
Ал, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады.
Қаржылық сауатын арттыру оқуына қатысушылар арасында көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бала күтімімен отырған аналар бар.
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өтіп жатқан оқу 11 тамызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар