ӘкімдікБасты тақырып
МЕДИАЦИЯ МӘМІЛЕГЕ КЕЛТІРЕДІ
31 шілде — 4 тамыз аралығында «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті. Осы орайда Ойыл ауылдық әкімшілік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде өткен сейсенбі күні Ойыл аудандық медиаторлар кеңесінің мүшелері шара өткізді. Акция аясында түрлі сұрақтармен келген аудан тұрғындарын Ойыл аудандық бас медиаторы, Ақтөбе облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор М.Ғаббасова, Қайыңды ауылдық округінің қоғамдық медиаторы К.Қосбаева, Кемер ауылдық округінің медиаторлары Н.Нұғманова, А.Өмірғали, Берсиев ауылдық округінің қоғамдық медиаторы Ш.Қауметова қабылдап, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етіп, кеңестер берді. Мәселелер негізінен қаражат, ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, сауда орындарының алдында қайтара алмай жүрген қарыздары аясында болды. Екі жақ мәмілеге келіп, ортақ шешімдер қабылданды.