Басты тақырып
ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
ӨТКЕН АПТА АУДАНЫМЫЗҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ. АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕПШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСІП, СЕМИНАР ӨТКІЗДІ.
Семинарға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасушыларға қандайда бір сұрақтар болса, еркін қоюларына ұсыныс жасады.
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Дәурен Алматов мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына түсіндіріп өтсе. Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Қарылғаш Өтеуова жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға тоқталды.
Сонымен қатар, Департаментпен жүргізілетін аудиторлық тексерулер нәтижесінде нықталған жиі кездесетін бұзушылықтар бойынша да сөз қозғалды. Бұған қоса, тапсырыс берушілердің келісімшарттың орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеуі- сыбайлас жемқорлықтың бірден-бірі көрінісі болып табылатыны ескертілді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзылған жағдайда, лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілік түсіндіріліп, басқа да Департаменттің құзіреті шегінде қойылған сауалдарға жауап берілді.
Өз тілшіміз.