ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
«AMANAT»: АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТ
Өткен аптада «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезекті XLVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция делегаттары 1040 партия мүшесінің басын біріктірген 8 бастауыш партия ұйымдарынан келді.
Конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси Кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаларды орындау бойынша өңірлік жол карталарын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы есебі, «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамын сайлау және «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе партияның аумақтық филиалы Саяси Кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге қойған міндеттері туралы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша конференция делегаттарының дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамы бекітілді.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына Ойыл ауданынан қатысатын делегаттар сайланды.