Әлеумет

225 балаға әлеуметтік пакет берілді

Өткен аптада Ойыл аудандық жұмыспен қамту орталығы ғимаратында 2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына әлеуметтік кепілдендірген пакет табысталды. Айтулы шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен бірқатар мекеме басшылары және осы тауарлармен қамтемелеуші жеке кәсіпкер Күлжамал Әліп және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар қатысты. Өз кезегінде 2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ережесіне енгізілген табысы аз отбасылардың 1-3 жас, 3-6 жас аралығында балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар азық-түлік шеңберінде ай сайын және тоқсанына бір реттік тұрмыстық химия тауарлары беріледі. Осы бағытта аудан бойынша қаңтар айына жалпы саны 156 отбасынан 225 балаға әлеуметтік пакет тиесілі. Апта басынан бастап аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына әлеуметтік пакет берілетін болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар