ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ХАЛЫҚТЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІРІ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында қоғамның барлық салаларындағы негізігі міндеттерді түсіндірді.

Әрине, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидалары әділеттілік, инклюзивтілік, прагматизм болуы керектігін баса айтты. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы бәсекеге қабілетті артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға, сондай-ақ өндірістің барлық негізгі факторларының – еңбек, капитал, ресурстар және технология әлеуетін ашуға негізделуі керек. Жаңа экономикалық саясат аясында біз ұзақ мерзімді уақытша мақсаттар қою тәжірибесінен бас тартып, көрсетілген барлық міндеттер үш жыл ішінде шешілуге ​​тиіс, ең күрделілері үшін басқа нақты күндер белгіленіп отыр.

Ал, еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығының жетекші ауыл шаруашылығы орталықтарының біріне айналу. Бұл бастапқы өндірістен қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшпейінше мүмкін емес. Үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнімдердің үлесін 70 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл дегеніміз ауылдың жаңа «тынысы ашылады» деген сөз. Яғни, ауылды дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау маңызды. Біздің облыста қарқынды қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы өзінің өзектілігін дәлелдеді. Оны дамытудың келесі кезеңі жеңілдетілген несиелер беру ғана емес, жеке қосалқы шаруашылықтардағы кооперацияны ынталандыру болуы керек.

Ал, заманауи ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Жер мен климат енді фермерлер табысының анықтаушы факторы емес, инновациялық шешімдер бірінші орынға шығуы тиіс. Агроғылымды дамыту, ең бастысы оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану шаралары қолға алынуы. Рас, қазіргі таңда, тіпті алдағы уақытта су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы мәселесі өзекті болады.

Еліміз трансшекаралық су көздерінің ресурстарына тәуелді. Еуразияның өзендері мен арналары – халықтар мен экономикаларды біріктіруге арналған ортақ табиғи мұра. Бұл мәселеде әрқашан көршілерімен және достарымен түсіністік пен өзара тиімді тіл табысу керек. Сондықтан теңгерімді су саясатын жүргізу, трансшекаралық суды пайдалану мәселелерін шешу Үкіметтің алдағы уақыттағы аса маңызды міндеттерінің біріне айналмақ.
Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету – біздің еліміздің экономикасының дамуының негізгі тұжырымы.

Қайнар ҰЛЫҚПАНОВ,
Қаржы саласының ардагері.

Басқа жаңалықтар