ӘкімдікБасты тақырып
Карантин режиміндегі сессия қысқа уақытта қызу талқымен өтті
Өткен сәрсенбі күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық тоғызыншы сессиясы өтті. №4 Абай сайлау округінен сайланған депутат Исатай Берғалиевтің төрағалығымен өткен сессия жұмысына мәслихат депутаттары және аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Алдымен аудан әкімдігінің 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов хабарласа, 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуына жүргізілген бақылау қорытындылары туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Игисенов баяндады. Мәслихат депутаттарының көп сауалына арқау болған да соңғы баяндама болды. Әсіресе, жобалаушы органдардың қателігінен жіберілген кемшіліктің кесірі аудандағы атқарушы органдардың басшыларына тиіп отыр.
Одан кейін халық қалаулыларының назарына Ойыл ауданындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Меруенов баяндаса, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бөлімінің басшысы Қайнар Ұлықпанов «Аудандық мәслихаттың 2019 жылдың 24 желтоқсанындағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.