ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
АУЫЛҒА СЕРПІЛІС КЕРЕК!
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент алдымен өз бастамаларының басым көпшілігінің жүзеге асқанына, бірқатар жұмыстың жалғасып жатқанына, осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларға тоқталып өтті. Мәселен, ол өз сөзінде 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге көтеріліп, дәрігерлер айлығының айтарлықтай көбейгенін, қазір олардың табысы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары екенін және жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігінің берілгенін, миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көріп, баспаналы болып жатқанын атады.
Сондай-ақ, Президент «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп бой көтеріп, ауылдық жерде қазір 300-ден аса денсаулық сақтау нысаны салынып жатқанын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтынын және игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын тілге тиек етті. Әрине, мұның бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан жақсылықтар.
Сонымен бірге Президент агроөнеркәсіп кешеніне нақты серпіліс қажет екенін, осы ретте ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор, бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдалана алмай отырғанымызды сөз етті. Осыған байланысты болашағы зор екендігін, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту бағыттарына басымдық берудің маңызды екенін айтты. Бұл өте дұрыс. Себебі, біз аграрлы елміз. Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бір жағадан, бір жеңнен қол шығара жұмылып, Мемлекет басшысының айтқандарын орындауға барынша үлес қосуымыз керек.
Мұратбек ӘДІЛХАНОВ,
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі.