Әлеумет

Өткен жылға оң баға, жастарға берді жолдама

Бейсенбі күні  жылдағы дәстүр бойынша мәдеинет үйінде мұғалімдердің бас қосумен тамыз кеңесі өтті. Онда ең алдымен аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы салтанатты жиынды бастамас бұрын білім беру ұйымдарының ақпараттық стенді көрмесін аралап, мектеп директорларына білім сапасы жөнінде бірнеше сұрақтар қойды.

Әрмен қарай тамыз кеңесінде алғашқы болып білім бөлімінің басшысы Ербол Тлепов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты баяндамасын көпшілікке таныстырды. Ең алдымен, «Білім саласында Заңнамалық базалардағы өзгерістер туралы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағытты бойынша, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту» жөніндегі жағдайларға кеңінен тоқталды. Одан кейін физика, информатика,химия, биология пәндерінен үштілдік білім беру жүйесінде ауданымызда алғаш С1 деңгейінде қорғаған Ойыл қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қымбат Имағанбетова «Үштілділік білім беру жүйесінің ерекшеліктері» атты баянадамасын оқыды. Бүгін ғана жолдама алып жатырған жас маман Есет Сисенов өзінің еңбек жолын ауылынан бастайтына дән риза екенін айтып барша ұстаздар қауымын құттықтады. Жалпы биылғы жыл жетістіктердің жылы болды. Ең алдымен  жылдың жалпы орта білім беру бағыты бойынша  тоқтала кетсек. 23 жалпы білім беру ұйымының 13 орта, 7 негізгі, 3 бастауыш мектеп болса, биылғы жаңа оқу жылын 3300-ден астам оқушымен бастағалы отырғанымызды да айта кету керек. Оның ішінде биыл мектеп бітірген көптеген оқушыларымыз жоғары оқу орындарында грант иесі атанса, бастауыштан негізгі оқитын оқушыларымыз олимпиалардан  оза шауып, жүлделерімен қуантты. Сонымен қатар ауданда  723 мұғалім қызмет жасауда, олардың 573-і(79пайыз) жоғары білімді. Оның ішінде жоғары санаттысы 99, бірінші санаттысы 238. Бұл барлық ұстаздардың 47 пайызын құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (2016-17 о.ж 40 пайыз) 7пайызға жоғары. Бұл әрине тек биылғы жылдың қорытындысы. Оқу жылының аяқталуына дейін бұл көрсеткіш көтерілетіне білім бөлімінің басшысы сенімді екенін айта кетті.  Тамыз кеңесінің соңына қарай қарай сөз алған аудан әкімі  Дастан Сағыров барша келган қонақтар мен ұстаздар қауымын  құттықтап, толағай табыстар тілеп, ағыс хаттармен қатар енді жұмысын бастауға келген жас мамандарға жолдамалар табыстады.  Айта кетсек  Ойыл аудандық білім бөліміне дефектолг маманы болып Гүлстан Қаңтарбаева, Қаракемер мектеп балабақшасына математика пәнінің мұғалімі болып Сәрсен Әйтімов, Ойыл қазақ орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып Жеңіс Зиноллин, Ойыл қазақ орта мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып Ақнұр Кеңес, Саға метеп балабақшасына тарих пәнінің мұғалімі болып Есет Сисенов сынды жастар алғашқы еңбек жолдарын мектептен бастамақ.

Өміргүл Темірхан.  

Басқа жаңалықтар