ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ «МУЗЕЙ ТҮНІ»

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі 25 қазан — Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесіне орай «Жанашыр жүрек» аясында «Музей түні» шарасын өткен сенбі күні ұйымдастырды.
Шара барысында “Алаштың ардақты ұлы — Халел Досмұхамедұлына 140 жыл” тақырыбында тарихи экскурсия, Байғанин аудандық музейінің “Ақ тарының ақтаңгері — Шығанақ түң гі музейде” атты шеберлік сағаты мен жылжымалы көрмесі онлайн бейнебаян арқылы көрсетілді. “Музей түні” акциясы аясында Ақтөбе облысы, Ленинград көшесі №49/а үй тұрғыны Нұрсәуле Райқызы, әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері Рай Сәдуақасұлы туралы және Ойыл ауданы А.Қойшығұлов көшесінің 45/2 үй тұрғыны Бекболат Иманғалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Иманғали Айекеновтың материалдар жинақтамасын музей қорына тапсырды. Сондай-ақ, Ойыл ауданының тұрғыны Нұргүл Абдуллина 30 жыл жинаған көне тиын ақшаларында музей қорына тапсырды. “Тарихы жойылмаған көне жәдігердің сыры” атты тақырыбында ХІХ-ХХ ғасырдың жәдігерін 40 жыл өз отбасында сақтаған Қанат Қалиев тарихын қысқаша баяндап берді.
“Сондай-ақ, Қазақстан — өз елім, өлең төсегім” — атты тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Музей түніндегі қонақтарға республика күніне арналған викториналық сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Қонақтарға сый-сияпат ұсынылып, Қанжардың тарихымен танысу тарихқа қызығушылықтарын оятты. «Музей түні» шарасы келген қонақтардың көңілінен шықты. Шараға келген отбасылар музейді аралап, фотосуретке түсіп ризашылықтарын білдірді.

Дулат БІТІМБАЙҰЛЫ,
Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар