Әлеумет
Ауданда «ауқымды деңгейде» «Шөп жәрмеңкесі» ұйымдастырылды
Өткен сенбі күні ауданымызда тұрғындар үшін шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауданға қарасты әр ауылдық округтен теңдеп, шиыршықтап буылған шөп әкелінді.
Таңертемен басталған мал азығы жәрмеңкесіне 3 камаз тіркемесімен, 2 трактор тіркемесімен, 5 газель, 3 «Газ-53» көлік шөп шығарылды. Алайда әр округтен ағылып келген мал азығы көп кешікпей өтіп кетті. Аталған жәрмеңкеге аудан әкімі арнайы қатысып, қысқы мал азығын тұрғындар ерте қамдап алу керектігін жеткізсе, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскенбаев күздің жауын-шашынды күндері мал азығын тасымалдау қиындық тудыратынын баса айтып, тұрғындар осындай сәтті пайдаланып қолжетімді бағадағы мал азығын мейлінше ылдым-жылдым түсіріп алуға шақырды. Қазір шөптің бағасы тұрақты.
Теңдеп буылған шөп — 350 теңге болса, шиыршықтап буылған шөптің бағасы 3500 теңге. Бұл мал бағып отырған жандар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл баға «Қыстың қамын жаз ойланың» қамы. Егер күн суып, арты жауын-шашынға ұласатын болса, шөп дайындаушылардың да еңбегіне біз тосқауыл бола алмаймыз», — дейді. Сондықтан ашық-жарықта мал азығын ауламызға түсіріп алуға асығайық ағайын. Жәрмеңке алдағы уақытта әр аптаның сенбісінде өтетін болады.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.