ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АҚСАҚАЛДЫҢ ҮЛГІСІ

Бүгін таңғы сағат жетіде Ойыл ауданындағы 22 ауылда 26 сайлау учаскесі өз жұмыс бастады. Осы 26 учаскеде дауыс беруге құқылы 9470 сайлаушы тіркелген.
Көптоғай ауылдық округінде екі учаске, аудан орталығында орталығында – 5, қалған ауылдарда бір учаскеден жұмыс істейді.
— Үш кандидаттың бірін «Аманат» партиясы ұсынған, екеуі өзін-өзі ұсынған. «Бүгін сайлау учаскесіне бірінші келгендерге, сондай-ақ ең жас және ең үлкен сайлаушыларға сыйлықтар мен кәдесыйлар тапсырылды, – деді округтік сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов.

Аманғос Қисықов ақсақал жұбайы нұрсұлу апаймен бірге алғашқы лекте өздері тіркелген №390-шы сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

  • Дауыс беру құқына ие болғалы ауданда өткен бірде-бір сайлаудан қалғаным жоқ. Себебі, сайлау еліміз үшін қай уақытта да өте маңызды оқиға. Ал аудан әкімдерінің саулауы – демократияға тағы бір маңызды қадам. Байқап отырмын, дауыс берушілердің қатары көп. Бұл өте қуантарлық жағдай, — дейді ол.
    Ауыл тұрғындарының айтуынша, аудан әкімдерін тікелей сайлау халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады.

Басқа жаңалықтар