ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Кеше Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша, елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Елімізде алғаш рет өткізілетін олимпиадаға аудан бойынша 20 білім беру ұйымынан жоғары сыныптардан 345 оқушы қатысқалы отыр.
Барлық білім беру ұйымдарында олимпиаданың ашылу салтанаты өткізілді. Ауыл олимпиадасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің өкілдері, жергілікті село әкімдері қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар