ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

«ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!»

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас келсе, іске!» атты 2022-2023 жылы жұмысқа орналасқан жас мамандар мен жастар тәжірибесінен өткен жастарға арналған еркін форматта пікір алмасу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен аудандық мәслихат депутаттары Сәндібек Нұрбаев, Жангүл Ізғариналар қатысты.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев ауданда жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер туралы айтса, салалық бөлім басшылары өз салаларына қатысты жастар тарапынан қойылған нақты сұрақтарға жауап берді. Жастарды сергіту мақсатында аудандық орталық аурухананың психологы Айгүл Маратқызы тренинг ұйымдастырды.
Кездесуде жастар арасындағы зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатындағы өзекті мәселелер, атап айтсақ, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы қылмысты болдырмау, нашақорлықтың алдын алу, ішімдіктің алдын алу, шылым шегуге жол бермеу, жол қауіпсіздігі, электрондық темекіге қарсы, теріс діни ағымның жетегіне ермеу туралы түсініктер беріліп, аудан жастары салауатты өмір салтын ұстануға, еріктілер қатарына қосылуға, мәдени-қоғамдық шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесуге қатысқан жастар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жас ұстаздарға жеңілдіктер, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу жеңілдіктері туралы сұрақтарды үздіксіз қойып, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасына қатысуға ниетті екендерін жеткізді.
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Бақытжанқызы 2023 жыл қорытындысы бойынша Республикалық, облыстық байқауларда аудан жастарын бақтарын сынауға шақырды. Кездесу соңында орталықтың алдағы жылға арналған жоспарына енгізу мақсатында, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Басқа жаңалықтар