ӘкімдікБасты тақырып

Мерейлі қызметтің марапаты

Елбасының жарлығымен 23-маусым мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген болатын. Мемлекеттің дамуына, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік қызметшінің маңызы зор. Сондықтан жыл сайын халыққа адал қызмет көрсетіп, жауапкершілігі мол кәсіби мамандардың мерекесі кең көлемде атап өтіледі. Олардың еңбектері де ескерусіз қалмайды.

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде ауданның барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысқан мерекелік шара болды. Аудан әкімі құттықтау сөзінде: «Қай мемлекет болмасын оның дамуы, ілгері жылжуы мемлекеттік қызмет аппаратының мықты болуына байланысты. Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие кадрлар, елге адал қызмет етушілер. Сол себепті баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын, еңбектеріңізге алғыс білдіремін» деді. Ұзақ жыл мемлекеттік қызметтен абыройлы еңбек етіп құрметті демалысқа шыққан әр саланың ардагерлері құрметтен шет қалмады. Арнайы шақырылған оларды аудан басшысы ауданда мемлекеттік қызмет жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапаттап, бірінші құрмет көрсетті. Зейнеткерлік жасқа шықса да қоғамдық жұмыстарға араласып жүрген, мәдени көпшілік шараларда белсенділік танытқандар мұндай құрметке ие болды.
Ал , жоғары кәсібилігімен лауазымды қызметтерін мінсіз атқарғандар облыстық комитеттің құрмет грамотасымен марапатталды.
Одан кейін Көп бала тәрбиелеп отырған мемлекеттік қызметшілер, бірнеше адам қызметте жасайтын әулеттің мүшесін, және мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жас мамандарға алғыс хатын табыстады.

С. НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар