ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕН «ӘКІМ ШЫРШАСЫ»
Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін ерекше мерекесі. Балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да аудан бүлдіршіндерін ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай аталып өтті. Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен әкім шыршасына ауыл, аудан орталығындағы мектептерден 56 оқушы қатысты. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, мерекенің басты кейіпкерлері барыс пен қоян, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, жиналғандар түрлі сахналық қойылымды тамашалады.Балалардың қуанышына аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде: -«Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕН
«ӘКІМ ШЫРШАСЫ» қуанышы да өздерің. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Келер жыл әр отбасына баянды бақыт, сарқылмас
қуаныш сыйласын!»-деп, бүлдіршіндердің асыға күткен жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.
Сонымен қатар жаңа жылдық сыйлыққа ауданның дамуына өз үлесін қосып жүрген жерлесіміз,
«Анвар» ЖШС-нің бас директоры Талғат Салфиков 150 оқушыға демеушілік жасады. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетсе, бүлдіршіндер
ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.