ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Сессия МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Өткен апта аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өтті. Алдымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділхановтың «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы есебі тыңдалды. Ал, сессияның күн тәртібінде аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратов жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бақберген Мұхамбетқали Ойыл ауданындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараковтың ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділхановтың «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы есептері тыңдалды. Одан кейін, сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімінің атына депутаттық сауалдарын жолдады. Еркін Жиеналин ауыл шаруашылық саласына инвесторлар тарту, Ойыл ауылының жоғары бөлігіне ауылішілік жолдарын қатқылдандыру жұмыстарының қажеттілігі мен жарықтандыру мәселесі бойынша, Сәкен Займолдин Көптоғай-Сарбие-Қараой бағытындағы елді мекендерінің жолдарының жөнделуі жөнінде өз сауалын жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі берілген тапсырмаларды орындауға бір кісідей жұмыла кірісіп, сапалы әрі нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды. Сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, шешімдер бірауыздан қабылданды.
Өз тілшіміз