ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулық

КӨПТОҒАЙДАҒЫ ИГІЛІКТЕР

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ҮШІН

Жуырда Көптоғай халқының қуанышы еселенді. Көптоғай ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылына көптен күткен су құбыры іске қосылып, ауылға таза су берілді.

Аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменовтер жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасып қайтты.
“Біздің ауданда барлығы 22 елді мекен бар, оның жиырмасы орталықтандырылған сумен қамтылған.
Соның ішінде биыл 200 адамнан аспайтын халқы бар бес ауылға қосымша қаражат есебінен су тазартатын блокті-модульді станса орнатылды. Енді міне Шұбарши ауылында да су құбыры іске қосылып жатыр.

Қуаныштарыңыз құтты болсын!”, — деді Асқар Қайырғалиұлы. Осыған дейін ұңғымалы құдықтың суын тұтынып келген шұбаршиліктер халық саны 200-ден аспайтын шағын ауылдардың бірі. Шағын ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз еткен жоба құны 271,0 млн. теңге.
Осындай игі істен соң округ орталығында жедел-жәрдем көліктері табысталды.
Аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев Көптоғай ауылына жалпы тәжірибелік дәрігер болып келген Гүлфайрус Айтуғанбекке жаңа көліктің кілтін тарту етті. Сәттілік тілеп, жергілікті жерде қажетті көмектер көрсетілетінін айтты.
“Біздің назарда тұрған мәселенің бірі – шалғай ауылдарды жедел көліктермен қамтамасыз ету. Сондай істің орайы келіп, тұрғындардың игілігіне жаңа көліктің кілтін өздеріңізге тапсырғалы отырмын. Бұл – ауыл тұрғындарының талап-тілегі еді”, — деді аудан басшысы.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл-Шұбарши-Көптоғай-Ойыл.

Басқа жаңалықтар