ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Жыл соңында Ойыл аграрлық колледжінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырыстың басты мақсаты ауыл шаруашылық саласы қызметкерлерімен басқосу болды.
Отырысқа облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев арнайы келді. Алдымен колледждің жаңа заман ағымына сай жасақталған материалдық-техникалық базасы көрсетіліп, экскурсиямен басталды. Әрі қарай «Ауыл шаруашылығын дамыту-мемлекетті өркендету» басқосумен жалғасып, баяндамашылар хабарлама жасады.
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл ауданы филиалының директоры Жасұлан Ержанов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараков, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратов, аудандық ветеринариялық станциясының директоры Серік Сармұхановтың Алғыс хатымен халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарта отырып, ауыл шаруашылығы саласына қосқан зор үлесі үшін шаруа қожалық төрағалары мен қызметкерлері марапатталды.

Басқа жаңалықтар