ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ГҮЛЖАНАТ НАЗАРОВА – «БІР АУЫЛ — БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Атамекен» ӨКП директорының міндетін атқарушы Дидар Боранқұлов пен Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы, ІӘК төрағасы Күлпаршын Айдарханованың қатысуымен жыл соңында кәсіпкерлер палатасында сертификаттар мен статуэткалар «Бір ауыл-бір өнім» жобасының үш жеңімпазына табысталды.

Олардың бірі — тары және одан әртүрлі өнім түрлерін дайындау жобасын ұсынған біздің жерлесіміз Гүлжанат Назарова.
Үш жеңімпаз — бренд комитетінің шешімімен жобаның 21 қатысушысынан таңдалды. «Оларға маркетингтік сүйемелдеу, сертификаттау, өнімді (тауарды) брендтеу, өнімді халықаралық нарыққа шығару кезінде одан әрі қолдау көрсетілетін болады», — деп атап өтті Дидар Боранқұлов. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен инвестиция тарту бойынша оқыту жүргізілді. Бұл қызмет әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы көрсетіледі.
Іс-шара 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде, «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы бойынша өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 309 әйел қатысты, оның 25-і Ақтөбе облысының тұрғындары. Оқыту онлайн форматта өтті. Оқыту бағдарламасы инвестицияларды қаржыландыру және тарту мәселелерін (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тақырыптарын қамтыды.
Қатысушылар курстың бизнесті дамыту үшін өте пайдалы болғанын атап өтті. Оқу қорытындысы бойынша тестілеу барысында 10 ақтөбелік қатысушы оқуын сәтті аяқтап, оларға сертификаттар табысталды. Айта кету керек, өткен жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына 485 адам жүгініп, оларға 700-ден астам қызмет көрсетілді.

Басқа жаңалықтар