ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
6 тұлғаның көлік басқару құқығы тоқтатылды
Ойыл ауданының прокуратурасы жол-көлік оқиғаларының алдын бағытында жүргізген талдаумен медициналық қарсы көрсетілімдермен есепте тұрған адамдардың көлік құралын басқарып жүргенін анықтады.
Мәселен, ішкі істер органымен «Е» деген азаматқа 30.05.2018 жылы «В,С1» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығымен жүргізуші куәлігі берілген.
Деректер қорындағы мәліметтер бойынша аталған тұлғаның жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі F70.0 диагнозымен аудандық ауруханада есепте тұрғаны анықталды.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіз болып табылады.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде ішкі істер органымен сотқа талап арыз беріліп, соттың шешімімен 6 тұлғаның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды, сот актісі заңды күшіне енді.
Ойыл ауданының прокуратурасы