ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚАҢТАРДЫҢ ҚАҺАРЫ

Биылғы қыстың аумалы-төкпелі болатыны ауа-райын болжаушылардың тарапынан алдын-ала айтылғанымен, жыл қар аралас жаңбырмен басталып, арты еріп, ағын су жүріп кеткендіктен қаңтардан нағыз қыстың қаһарын күтпегеніміз рас.

Екі тәулік бойы толассыз жауған қардан соң лезде суытып, ауа температурасы -30-ға барғанда абдырап қалғанымыз да жасырын емес.
Жұма күнгі жауған қалың қар әбігерге салғанымен қоймай, демалыс күндергі сықырлаған саршұнақ аяз састырды.
Қыс қаһарына енді мінгендей көрінді.
Үш күнге созылған аяздың беті дүйсенбі күні түс ауа қайтты. Ұялы байланысқа келіп жатқан хабарламаға көз салсаң, облыстың барлық аймағында дерлік осындай жағдай.
Абырой болғанда өткен демалыс күндері ауданда ешқандай төтенше жағдай орын алған жоқ.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі. Қаңтар айы да құбылмалы болады.
Әрине, малдың да, жанның да екі ай бойғы жайсыз болған жаңбырлы кездерден кейін қыстың қыс болғанын қалағанымыз да рас. Дегенмен, қыс қамсыздықты көтермейтінін ұмытпауымыз керек!
«Аудандағы жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отырмыз» — деген аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменов тұрғындардың ұялы байланыс телефонына келген дабылды ескертулерге құлақ асып, сапарлары мен шаруаларын жоспарлауға шақырады.
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар