ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері біздің ауданға келді
«Өзен жағалағанның өзегі талмайды» — деген қағидаға сүйенсе керек, Ойыл ауданының барлық ауылдары дерлік өзендерді сағалап қоныстанған. Ағын су адамға да, малға да тіршілік көзі болғанымен одан келер қауіп те жоқ емес. «Тілсіз жаудың» бірі болатыны да сондықтан. Бір кездері үзіле жаздап үмітті жалғаған Ойыл соңғы жылдары арнасынан асып, айналасына қауіп төндірді. Абырой болғанда стихиялық апаттарға жол берілген жоқ. Дегенмен, «бейқамның жауы қасында» дегендей, биыл да ылғалдың молдығыетек-жеңді ертерек жинақтауға итермелеп отыр.
Өткен жексенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ауданның азаматтық қорғаныс қызметтерінің көктемгі су тасқынына қарсы дайындығын тексеру үшін Ойылға іссапармен келді. Іссапар басында ТЖМ өкілдері Қаратал және Екпетал ауылдарында су тасқынына қарсы тұрғызылған бөгеттермен танысты. Кейін аудан орталығында азаматтық қорғаныс қызметтерінің жеке құрамы сапқа тұрғызылып су тасқынына қарсы дайындығымен танысып, қызметтердің су тасқынына қарсы құралдары және техникаларының дайындығын тексерді. Түскі астан кейін Азаматтық қорғаныс қызметтерінің құжаттары тексеріліп, қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді.